Қарағандыда ерекше челленджі басталды

8 Қараша 2020, 15:26
1740
Бөлісу:
Қарағандыда ерекше челленджі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Аналар кеңесі бастаған «Шебердің қолы алтын» челленджі бүкіл Қарағанды өңірінде өтеді, деп жазады assembly.kz.

Шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттау. Мысалы, Жаңаарқа ауданында Ырысалды апа Ғалым Жарылғапов атындағы Аграрлық колледжінің «Бұрымды қыздар» клубының қыздарына шапан тігуді үйретті. Бүгінгі таңда Сарыарқаның брендіне айналған Жаңаарқа шапандарын бірқатар танымал ақындар мен құрметті азаматтар киіп жүр. 

Біздің ұлттық құндылықтарымыздың бірі - тігін тігу, ата-анадан балаға берілген мұра іспеттес. Мұндай өнерді үйрену өте маңызды, өйткені бұл көпбалалы, жас аналарды, жас қыздарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен ҚХА жобасында сипатталған брендті ілгерілетуге мүмкіндік береді,- дейді шебер.

Бір кездері Ырысалды апаның анасы Бошым да осы істің шебері болған. Ол өз қолымен текемет, тұскиіз, сырмақ, тіпті Сәкен Сейфуллиннің өзіне тақия тіккен екен.

Жаңаарқа ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Сәулеғаным Орынғожина Аналар кеңесін ұлттық құндылықтарды жаңғыратын өзіндік мектеп деп атауға болатынын айтады. 

Біз осындай іс-шараларды жастар өз мәдениетін ұмытпауы үшін өткіземіз. Себебі, сыртқы әлеммен, басқа мәдениеттермен танысуға, ұйысуға ұмтыла отырып, жас ұрпақ өз тамырын ұмытпауы тиіс, - дейді ол.

Жаңаарқалықтар «Шебердің қолы алтын» эстафетасын Шет ауданына табыстады.

Өзгелердің жаңалығы