Қарағандыда автомобиль шиналарын шығаратын зауыт салынады

27 Наурыз 2021, 06:25
1530
Бөлісу:
Қарағандыда автомобиль шиналарын шығаратын зауыт салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Өткен жылдың қыркүйек айында біз «Татнефть» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, автомобиль шиналарының жаңа өндірісі іске қосылатынын айтқан болатынбыз. Жоба 3 млн жеңіл және жеңіл жүк шиналарын, сондай-ақ болашақта 500 мың жүк шиналарын шығаруды көздейді. Инвестиция көлемі шамамен 120 млрд теңгені құрайды. 1000-нан астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады. Бүгінде оқыту және одан әрі жаңа кәсіпорында жұмыс істеу үшін алғашқы 200 адамды қабылдау жүргізілуде.  50 адамнан тұратын бірінші топ бір айдан кейін Татарстанға оқуға барады. Қарағандыда жасалатын автомобиль шиналары Қазақстанда өндірілетін автомобильдердің бастапқы жинақтамасында қолданылатын болады. Осылайша, біздің зауыт отандық автоөнеркәсіптің жеткізушілерінің жаһандық технологиялық тізбегіне енеді, – деп жазды облыс әкімі.

Оның айтуынша, соңғы жарты жылда «Саран» жаңа индустриялық аймағында құрылыс жүргізуге қажетті инфрақұрылымды салу мен алаңды әзірлеу бойынша үлкен дайындық жұмыстары жасалды. Сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.
Бүгін Премьер-министрдің, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі және акционерлік қоғам басшылығының қатысуымен негізгі инвестициялық келісімдер мен арнайы инвестициялық келісімшарттарға қол қойылды. Біз зауыт құрылысын бастауға дайынбыз! Құрылыс жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталады, – деді Жеңіс Қасымбек.
Өзгелердің жаңалығы