Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы тегін құқықтық және психологиялық кеңес беруді ұсынады. Тәжірибелі мамандардан көмекті 14 және 29 жас аралығындағы жастар ала алады.
Тәжірибелі психолог қиын өмірлік жағдайларды түсінуге көмектеседі: ата-аналармен, қарама-қарсы жыныспен қақтығыстар, бейімделу қиындықтары, оқу үлгерімі, жеке өсу және т. б.
Білікті заңгер құжаттарды дұрыс құрастыру жөнінде кеңес береді, қандай да бір мәселеде өзін қалай ұстау керектігін айтып береді. Оның қызмет саласына азаматтық, отбасылық және әкімшілік құқық кіреді.
Консультациялар тек жұмыс уақытында алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.
Орталық мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 37, 410 кабинет.
Анықтама және жазба телефондары: (8-7212) 50-40-62, 50-42-39.