Қарағанды облысындағы шахтада атылған газдан екі адам зардап шекті

14 Қаңтар 2021, 15:13
1415
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы шахтада атылған газдан екі адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада газ атындысы кезінде екі адам зардап шекті. Қазір олар Қарағанды ОМО токсикологиялық бөлімшесінде жатыр, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

1969 жылы туған ер адам медициналық мекемеге 14 қаңтарда сағат 03.33-те шахталық газдармен, оның ішінде улы газбен жедел ингаляциялық улануымен түсті. Оған токсикологиялық энцефалопатия диагнозы қойылды. Науқастың жағдайы тұрақты, орташа ауырлыққа жақын, - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шахталық газдармен, оның ішінде улы, токсикологиялық энцефалопатиямен жедел ингаляциялық уланумен 14 қаңтарда сағат 03.35-те 1997 жылы туылған  науқас ауруханаға жатқызылды. Жас жігіттің халі тұрақты, орташа ауырлыққа жақын.

Бұған дейін «АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы апат болып, бір адам іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы