Қарағанды облысында жаңа индустриялық аймақ құрылды

18 Наурыз 2021, 22:30
1002
Бөлісу:
Қарағанды облысында жаңа индустриялық аймақ құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саран қаласында бұрынғы РТБ зауытының өнеркәсіптік алаңы жаңа индустриялық аймаққа айналды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс III сессиясында мәлімдеді.

Таяуда ғана ел басшылығының қолдауымен бұрынғы Саран қаласындағы РТБ зауыты аумағында жаңа индустриялық аймақ құрылды. Бұл зор әлеует ашады. Инвестицияның жаңа ағымын күтеміз. Мамыр айында автобус зауытының екінші кезеңін аяқтау жоспарлануда. Қазақстандық қамту 30%-дан асады. Бұл Саран қаласының экономикасын әртараптандыруға бағытталған алғашқы ірі жоба. Ресейлік «Татнефть» компаниясымен серіктестікте шина зауыты салынады, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Өңір басшысы осы аудандағы тұрғын үй секторын қайта қалыпқа келтіру жоспары туралы айтты. Қараусыз қалған үйлерді жөндеу көзделіп отыр.

Депутаттар Саран қаласының қолданыстағы Бас жоспарына енгізілген түзетулерді бекітті.

Кезектен тыс сессияда 2021 жылға арналған облыстық бюджет нақтыланды. Әлеуметтік саладағы, ТКШ, көлік инфрақұрылымы және ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қосымша қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын жөндеуге және жабдықтауға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қазынадан үлкен көлемде ақша жұмсалады.

Жастар кәсіпкерлігін қолдауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалатын шығындар ұлғайтылды. Бюджеттен фермерлерге тыңайтқыштар құны өтеледі.

Бүгін облыс тұрғындарының әл-ауқаты мен денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретін өте маңызды шешімдер қабылданды. Өткен жылы қуатты ресурстар денсаулық сақтауды нығайтуға жұмсалды. Биыл моноқалалар мен аудандарда медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және кадрлар даярлау жөніндегі жобаларды жалғастырамыз. Басқа да мәселелер - тұрғын үй құрылысы, сапалы жылу, су және газбен жабдықтау маңызды, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Ол биыл қала және ауыл тұрғындарына арналған тұрғын үй құрылысы төрттен бір есе өсуі тиіс екенін атап өтті. Ұлытау, Приозерск, Абай қалаларында және Қарабас кентінде кәріздік тазарту құрылғыларының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы