Қарағанды облысында өрттен зардап шеккендерге көмек беріледі

5 Шілде 2021, 22:42
2549
Бөлісу:
Қарағанды облысында өрттен зардап шеккендерге көмек беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлытау ауданында тәулік бойы табиғи өрттерді сөндіру шаралары жалғасуда. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Алдын ала болжам бойынша өрт жерге түскен құрғақ найзағай салдарынан орын алған. Қазір өрт сөндірушілердің жұмысын ыстық ауа райы мен қатты жел қиындатып отыр. Бұл жұмыстарға жұмылдырылған техника мен адамдардың саны жеткілікті. Сондай-ақ көмекке Қарағандыдан командалар жіберілді. Көмекке келген еріктілерге ерекше алғысымызды білдіреміз. Өртті сөндіру жұмыстарына жұмылдырылған азаматтар қажетті көлемде тамақ және ЖЖМ қамтамасыз етілді - деді облыс әкімі.

Өрттен зардап шеккен ауылдардың фермерлері мен тұрғындарына міндетті түрде көмек көрсетіледі. 

Қазір келтірілген шығынды бағалау бойынша арнайы комиссия жұмыс істеуде. ТЖД қызметкерлері мен еріктілердің үйлесімді жұмыстарының арқасында жағдай бақылауға алынды - деді Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, өңірдегі өрт салдарынан мал жаппай қырылып, шектеу шаралары енгізілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы