Қарағанды облысындағы дала өртінен жаппай мал қырылып жатыр

5 Шілде 2021, 09:41
5235
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы  дала өртінен жаппай мал қырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Ұлытау ауданында бір тәулік ішінде жалпы ауданы 368 гектар болатын құрғақ шөп жануының 10 оқиғасы тіркелді. 

Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында дала бірінші шілдеден бастап өртеніп жатыр. Өртенген шөптен бірнеше жүз қой уланып өлді, деп хабарлайды patriotkaragandy.

Ауыл тұрғындары 300 бас өлген малды санаған. Ұшалары Ұлытау ауданында  далада жатыр. Ауыл тұрғындары өрт сөндірушілер жоқ деп шағымданады және тұрғындар жедел қызметтердің көмегінсіз қалған.
Біз өзіміз өртті қолда бар құралдармен сөндіріп жатырмыз. Тіпті отты шүберекпен ұрамыз. Біздің көз алдымызда үй жануарларының жаппай қырылып жатыр. 300 бас өлген малды санадық. Мал - біздің өмір сүруіміздің жалғыз көзі, - дейді Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылының тұрғыны.
Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығы мекемелерінің және ТЖ Департаменті бөлімшелері бірігіп 10 өрттің ішінде жалпы ауданы 235 гектарды құрайтын 6 өрт сөндірілген.

Қазіргі уақытта Ұлытау ауданының Амангелді (Сарлық ауылынан 90 км), Жангелді (Байқоңыр ауылынан 30 км), Амангелді (Сарлық ауылынан 30 км), Ақтас ауылдық округтерінде пайда болған дала жануын сөндіру жалғасуда. Өрттерді сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан темір жолы, орман шаруашылығы мекемелерінен барлығы 291 адам және 72 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген хабарламада.
Қарағанды облысының ТЖ департаментінде жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды.

Табиғи жануды жою бойынша жағдай ерекше бақылауда.

Естеріңізге сала кетейік, облыс басшысы Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданында ТЖ енгізілгенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы