Қарағанды облысында өрттен үш адам қаза тапты

5 Желтоқсан 2020, 13:04
1754
Бөлісу:
Қарағанды облысында өрттен үш адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында өткен тәулікте өрттен үш адам қаза тапты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

4 желтоқсанда сағат 12.28-де Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Үй заттары мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған. Өрттің көлемі 5 шаршы метр. Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 2 адамды эвакуациялады. Өрт сағат 12.45-те толық сөндірілді. Оқиға орнында 1962 жылы туған пәтер иесі қаза болды. 1953 жылы туған ер адам улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі өрт қауіпсіздігінің сақталмауы, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

туйка1.jpeg

Сондай-ақ,  5 желтоқсанда сағат 07.34-те Шахтинск қаласының Шахан кентінде бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. 

Өрт 40 шаршы метр алаңды шарпыды. Өрт сөндірушілер кіреберістен баспалдақ арқылы  3 адамды эвакуациялады. Оқиға орнында 1957 жылы туған ер адам және 1962 жылы туған әйел адам қаза болды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 08.45-те сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД бөлімшелерінен  16 адам мен 3 техника жұмылдырылды, - делінген ТЖМ хабарламасында. 

Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі ашық от көзі (сіріңке, темекі, шам және т.б.). ТЖМ барша жұртты өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады.



Өзгелердің жаңалығы