Қарағанды облысында инвестиция көлемі ұлғайды

8 Қараша 2021, 15:04
1037
Бөлісу:
Қарағанды облысында инвестиция көлемі ұлғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында инвестиция көлемі артты. Өңірдің негізгі капиталына инвестициялар бойынша нақты көлем индексі 103,4%-бен 580,2 млрд теңгеден астам қаражат игерілді.

Құрылыста, ауыл шаруашылығында және басқа да көрсеткіштер бойынша өсім тіркелді. 2021 жылдың қаңтар-қазан айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте шығарылды.

Салалық басқармалардың мәліметтері бойынша, өнеркәсіпте нақты көлем индексі кемінде 98,5%, көлемі 3 трлн 352 млрд теңгені құрайды деп болжануда. Өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру өткен жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 99,5% деңгейінде күтілуде. Тау-кен өндіру саласында – 97,5%, 18,9% өсіммен 465,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру күтілуде, – деп баяндады Экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Мал шаруашылығы есебінен ауыл шаруашылығы саласында да оң көрсеткіштер байқалады. Өнім шығару 405,1 млрд теңге көлемінде күтілуде – өсім 2,1%. Облыс әкімі ведомстволарға барлық міндеттемені орындауға тапсырма берді.

Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму департаменті, қалалар мен аудандардың әкімдері қосымша шаралар қабылдап, жыл соңына дейін өнеркәсіп өндірісінің оң серпініне қол жеткізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ ішкі және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша күш-жігерді жандандыруы қажет, – деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы