Қарағанды облысында ГРЭС-2-де бу құбыры жарылып, ер адам қаза болды

13 Желтоқсан 2020, 18:01
1853
Бөлісу:
Қарағанды облысында ГРЭС-2-де бу құбыры жарылып, ер адам қаза болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында гидрорециркуляциялық электро станция – 2-де (ГРЭС) бу құбыры жарылып, ер адам қаза тапты.  

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, апат Абай ауданында «Каzakhmys Еnergy» ЖШС Топар-ГРЭС-2-де болған.

«Кazakhmys Еnergy» ЖШС мәліметінше, 1958 жылы туған ер адам қаза тауып, үш адам зардап шеккен: 1975 жылы туған әйел, 1971 және 1980 жылы туған ер адам. Зардап шеккендер 1-2 дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді.


ТЖД бұл оқиға Абай қаласының жылу және электрмен жабдықтау жүйесіне әсер етпегенін атап өтті. Қазір «Кazakhmys Еnergy» күшімен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы топтық жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы тексеру жөніндегі комиссия құрылатынын хабарлады. Жазатайым оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат хабарланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы