Қарағанды облысында бизнес скринингі өткізілуде

13 Қыркүйек 2019, 18:32
1520
Бөлісу:
Қарағанды облысында бизнес скринингі өткізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы аймақ бойынша бизнеске скрининг жүргізуде. Бұл қадам жағдайды толыққанды бақылау мақсатында жасалуда. Зерттеу нәтижелері шешуді талап ететін мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.

Палата мәліметтері бойынша облыста 87,7 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.

"Зерттеу сауалнама арқылы жүргізіледі. Нәтижесінде нақты мамандануды білдіретін Өңірлік даму картасы дайындалады. Онда жұмыс істеп тұрған Бизнестің әлеуетті тауашаларын ғана емес, сондай-ақ өңірдің қажеттілігін, тағы қандай жобалар қажет екенін табуға болады. Біз ресурстарды дұрыс бөлу үшін қандай бастамалар қолдауды қажет ететінін көреміз. Скрининг сондай-ақ еңбек әлеуетін бағалауға, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың нақты санын анықтауға көмектеседі", - деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпеисов.

Ол кәсіпкерлерді түсіністікпен қарауға және сауалнамадан бас тартпауға шақырды. Сауалнама 29 сұрақтан тұрады. Оларға телефон арқылы немесе кездесу кезінде жауап беруге болады.

 


Өзгелердің жаңалығы