Қарағанды мектептерінде қауіпсіздік қатаңдатылады

9 Маусым 2021, 13:33
4410
Бөлісу:
Қарағанды мектептерінде қауіпсіздік қатаңдатылады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының білім ордаларында сақтық шараларын қатаңдату мақсатында бірыңғай техникалық сипаттағы жүйе жасалады. Ол үшін бюджеттен 608 млн теңге қаржы қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды биыл күзге дейін аяқтау жоспарлануда.

Аймақтағы мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы жайлы облыстық Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова айтты.

Қазіргі уақытта мектептердегі қауіпсіздік мәселесі барлық мүдделі құрылымдармен қадағалануда. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 608 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған, - деді басқарма басшысы.

Гүлсім Қожахметованың айтуынша, қазіргі уақытта білім нысандарында қауіпсіздік бағытында жасалып жатқан шаралардың қатарына бірыңғай техникалық сипаттамадағы жүйе жасау жатады. Оған қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дабыл түймесі, турникет, хабарлау жүйесі және басқа да қажеттіліктер жатады.

Бірыңғай талаптар барлық мектептегі қауіпсіздік деңгейінің оқушылардың барлығына бірдей сенімді болуына жақсы себеп болады деп ойлаймын. Бұл жұмыстарды күзге дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз,- дейді Қожахметова.



Өзгелердің жаңалығы