Қар тазалаушының бір күні қалай өтеді?

4 Ақпан 2021, 16:56
2708
Бөлісу:
Қар тазалаушының бір күні қалай өтеді?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күн сайын көшеден қолына күрек ұстап, қар тазалаған жұмысшыларды көреміз. Олар жылдың төрт мезгілінде қандай ауа райы болса да, тынымсыз еңбек етеді. Себебі қаланың тазалығы үшін жауапты.      

Есіл ауданын қардан тазалайтын 700-ге тарта жұмыскер бар. Сондай-ақ бұл жұмысқа 500-ге жуық техника жұмылдырылған. 

Ұжым күнделікті қала көшелерімен қатар ауданның алаңдары мен саябақтарын тазалайды. 

Жалпы тазалау жұмыстары екі ауысымнан тұрады. 1-ауысым таңғы 06:00-ден басталып кешкі 17:00-ге дейін болса, екінші ауысым кешкі сағат 20:00-ден басталып таңғы 06:00-ге дейін жүргізіледі. Қар күреушілердің бір күнін бейнематериалдан тамашалай аласыздар.


Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы