Канвон-2024: 28 қаңтардағы жарыс кестесі

28 Қаңтар 2024, 08:05
595
Бөлісу:
Канвон-2024: 28 қаңтардағы жарыс кестесі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгін, 28 қаңтар күні ел спортшылары Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бір ғана спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық ойыншылар 28 қаңтарда керлингтен (Gangneung Curling Centre) аралас жұптық сында өнер көрсетеді.

Керлингтен ел намысын Ибрагим Тастемір мен Мерей Тастемір қорғайды. Олар германиялық спортшылармен шеберлік байқасады.

Жарыс Оңтүстік Корея уақытымен 14:00-де, ал Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын.

Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.

Өзгелердің жаңалығы