Каноэ мен байдаркада ескек есуден лицензиялық Азия чемпионаты өтеді

29 Наурыз 2024, 08:30
249
Бөлісу:
Каноэ мен байдаркада ескек есуден лицензиялық Азия чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz/Сабиров Сали

18-21 сәуір аралығында Жапония астанасы Токиода каноэ мен байдаркада ескек есуден лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлім етті.

Ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының спортшылары: Бекарыс Раматулла, Андрей Ергучёв, Мария Бровкова, Сергей Емельянов, Ольга Шмелёва, Сергей Токарницкий, Татьяна Токарницкая, Тимур Хайдаров, Руфина Искакова, Ирина Подойникова, Ульяна Киселёва, Виктор Степанов, Артём Терещенко.

Ұлттық құраманың бапкерлер құрамы: Қайсар Нұрмағанбетов (бас бапкер), Сергей Тиунов, Александр Акунишников, Владимир Петров, Михаил Емельянов (аға жаттықтырушы).

18 наурызда Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Ұлттық құраманы жасақтап, Азия чемпионатына баратын спортшылар тізімін бекіттік. Сол кезде 1000 метрде Андрей Ергучёв пен 500 метрде Татьяна Токарницкая жақсы нәтиже көрсетіп, құрамаға қосылды. Қазір Ташкентте оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңі өтіп жатыр. Биылғы лицензиялық жарыста барлығы 14 бағдарлама десек, оның 8-і олимпиадалық. Жұптық жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаровтың тәжірибесі көп. Бұл сайыста тек чемпион атанған ел ғана Париждегі ойындарға барады. Жалпы бапкерлер Ұлттық құрамаға алынған барлық спортшыға бірдей сенім артады. Жоспарымызды жүзеге асыруға барлық жағдай бар, - деді Қайсар Нұрмағанбетов.

Айта кетейік, Азия чемпионатында жекелей сында финалда алтын және күміс медаль алған спортшылар Олимпиада лицензиясына ие болса, жұптық сайыста тек жеңімпаздарға жолдама бұйырады.

Еске сала кетейік, былтырғы Азия чемпионаты Таиландта өтіп, онда 28 бағдарламада жүлде жиынтығы сарапқа салынған.

Өзгелердің жаңалығы