Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

28 Мамыр 2023, 14:07
790
Бөлісу:
Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
Фото: ©AP Photo/Daniel Cole

Франция 76-Канн кинофестивалінің жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Алтын пальма бұтағы" мен фестивальдің Гран-при жүлдесін Франция мен Ұлыбританияның режиссерлері алды.

"Алтын пальма бұтағы" француз режиссері Жюстин Триеге "Құлау траекториясы" (фр. Anatomie d'une chute) триллері үшін берілді. Фильм күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген неміс жазушысы және ерлі-зайыптылардың соқыр ұлы іс бойынша жалғыз куәгер екендігі туралы баяндайды.

Трие Каннға 2019 жылы да қатысқан. Оның "Азғыру" фильмі бас сыйлыққа ұсынылған болатын. Бірақ сол жылы кинофестиваль жүлдесі оңтүстік кореялық режиссер По Джун Хоның "Паразиттер" фильміне берілген еді.

Фестивальдің Гран-при жүлдесі британдық режиссер Джонатан Глейзерге "Қызығушылық аймағы" (ағ. The Zone of interest) драмасы үшін берілді. Бұл фильм британдық жазушы Мартин Амистің Освенцим концлагері комендантының өз лауазымын жеке басына пайдаланатыны туралы романының негізінде түсірілген.

Француз режиссері Чан Ан Хунг Канндағы ең үздік режиссер атанды.

Нури Билге Джейланның "Құрғақ шөп туралы" (түр. Kuru Otlar Üstüne) фильмінде басты рөлді сомдаған түрік актрисасы Мерве Диздар "Үздік актриса" жүлдесін жеңіп алды.

Үздік сценарий үшін сыйлық "Монстр" драмасын таспалауға қатысқан жапон драматургі Юдзи Сакамотоға бұйырды.

Қазылар алқасының жеке жүлдесі фин режиссері Аки Каурисмякиге "Түскен жапырақтар" ( (Kuolleet lehdet) фильмі үшін табыс етілсе, вьетнамдық режиссер Тхиен Ан Фам түсірген "Сары кокон ішінде" (L'arbre aux papillons d'or) туындысы үздік дебют деп танылды.

Massaget.kz хабарлауынша, жапондық Коджи Якусе әйгілі неміс режиссерлерінің бірі Вим Вендерстің жаңа фильмі – "Әдемі күндердегі" рөлі үшін Канндағы "Үздік актер" жүлдесін жеңіп алды. Токиода орын алған фильм әртүрлі жағдайларға қарамастан өз өміріне қанағаттанған Хираяма есімді дәретхана жуушы (Ролында Кодзи Якусе) туралы баяндайды.

Өзгелердің жаңалығы