Канадада COVID-19-дың тағы бір жаңа штаммы анықталды

10 Қаңтар 2021, 11:15
1758
Бөлісу:
Канадада COVID-19-дың тағы бір жаңа штаммы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде Оңтүстік Африка Республикасынан мутацияланған коронавирустың бір жағдайы расталды. Бұған дейін екі канадалыққа инфекцияның «британиялық» түрі диагнозы қойылған болатын. 

Шығу тегі Оңтүстік Африка Республикасымен байланыстырылатын коронавирустың жаңа штаммының алғашқы жағдайы Канадада тіркелді. Бұл туралы 9 қаңтарда Альберта провинциясының бас санитарлық дәрігері Данни Хиншо Twitter-де хабарлады.

Альбертада Оңтүстік Африканың COVID-19 нұсқасының алғашқы жағдайы анықталды. Инфекцияны елге жақында келген саяхатшы алып келген. Қазір ол азамат карантинде жатыр және вирустың басқаларға таралғаны туралы ешқандай дәлел жоқ, - деп жазды дәрігер.

Оның айтуынша, билік мутацияланған коронавирус түрлерінің таралып кетпеуін белсенді түрде қадағалап отыр.

Сонымен бірге Хиншо отандастарын бір-бірін қорғау үшін COVID-19 эпидемиясы аясында енгізілген шектеу шараларын ұстануға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы