Канада Украинаға 45 млн доллар бөледі

3 Шілде 2019, 12:30
1577
Бөлісу:
Канада Украинаға 45 млн доллар бөледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы соманың жартысынан астамы инклюзивті және гендерлік реформаларды іске асыруға арналады.

Канада үкіметі Украинаны қолдауға 45 миллион АҚШ долларын бөледі. Бұл туралы Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо сейсенбіде Торонтодағы брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлады ел үкіметінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Украинадағы реформалардың инклюзивтік және гендерлік аспектілерін іске асыру үшін 25 миллион доллар берілетін болады.

"Канада сондай - ақ Украинадағы Ресей агрессиясын жалғастыруға қарсы нақты шаралар қабылдайды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Украинадағы реформалар жөніндегі келесі конференция Литвада 2020 жылы өтеді. Бұдан бөлек, Канада мен Украина бронетехника жеткізілімдері және осы саладағы ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаласты.

Естеріңізге сала кетейік, Украина Президенті Владимир Зеленский Канадада жұмыс сапарымен жүр.

Өзгелердің жаңалығы