Канада мен Багам аралдарында дауылдан келген шығын есептеліп жатыр

9 Қыркүйек 2019, 20:11
1509
Бөлісу:
Канада мен Багам аралдарында дауылдан келген шығын есептеліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандар Канада мен Багам аралдарында ойран салған «Дориан» сұрапыл дауылынан келген шығын мөлшерін есептеуге кірісті. Бұл туралы 24 kz сайтында хабарланды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қатты желден Канадада 300 мыңға жуық баспана жарықсыз қалды. Одан бөлек, өңірдегі ағаштар мен құрылыс техникалар қирап қалған. Жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Жергілікті билік аймақты тазарту үшін әскерилерді жұмылдырды. Ал Багам аралдарында 13 мың тұрғын үйдің тас талқаны шықты. Табиғат апатынан 44 адам мерт болды. Мамандар олардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Жағалау күзеті оқшауланған аралдардан 300-ге жуық адамды өлім аузынан аман алып қалды. Қазір зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы