Канада Иран басшылығының бес өкіліне санкция салды

Санкцияға іліккен тұлғалардың активтері бұғатталып, оларға қатысты бірқатар шектеу шаралары қолданылады.

 depositphotos.com 15 Тамыз 2026, 03:26
15 Тамыз 2026, 03:26
172
Фото: depositphotos.com

Канада Иран басшылығының бес жоғары лауазымды өкіліне санкция енгізді. Бұл туралы Канаданың Сыртқы істер министрі Анита Ананд мәлімдеді.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, шектеу шараларының ішінде Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) өкілдері де бар.

Канада билігінің мәлімдеуінше, санкциялар Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кедергі келтіріп, маңызды халықаралық су жолына қауіп төндіретін әрекеттерге байланысты енгізілген.

Санкцияға іліккен тұлғалардың активтері бұғатталып, оларға қатысты бірқатар шектеу шаралары қолданылады.

Наверх