Қан қысымының төмен болуы қауіпті ме?

6 Желтоқсан 2021, 13:57
4588
Бөлісу:
Қан қысымының төмен болуы қауіпті ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қан қысымының төмен болуы гипертонияға қарағанда аса қауіпті емес. Алайда оның салдарынан жүрек ұстамасына алып келуі мүмкін деп жазады Lenta.ru.

Германиялық кардиологтардың айтуынша, төмен қан қысымы денсаулыққа әсер етпейді және қан жүйесі мен ағзаларды қорғайды. Гипотония ауру емес, сол себепті қан қысымы төмен адамдардың саны қанша екендігі туралы нақты дерек жоқ.

Ал гипотонияның симптомдарына құлақтың шуылдауы, әлсіздік, бастың ауруы, сондай-ақ теңселіп жүру мен аритмия жатады. Алайда бойы ұзын әрі артық салмағы жоқ адамдар спортпен айналыспайтын болса, өзіндік ауруға ұшыратуы мүмкін деп отыр. Сонымен қатар ол қалқанша без, жүрек-қантамыр аурулары мен нейрогендік бұзылыстарды тудыруы ықтимал.

Өмір бойы қан қысымының жоғары болуы егде жастағы адамдарға қауіпті екендігін алға тартты. Бастың айналуы тепе-теңдікті сақтай алмай, құлап қалып, жарақат алуға алып келген жағдайлар кездесіп жатады.

Жүрек ұстамасына жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан пациенттер бейім келеді. Оның алдын алу үшін қан қысымы 90-60 болатын гипотониктерге және үнемі ұйқысы қанбай жүруге мәжбүр көлік жүргізушілеріне арнайы тыныс алу жаттығуын жасау қажет. Алайда инфаркт немесе инсульт алған адамдарға, көзішілік немесе бассүйекішілік қан қысымы жоғары, құрсақ қуысындағы жарығы барларға оны қолданар алдында дәрігермен кеңескен дұрыс дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы