Камчатка жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің эпицентрі 51,69° солтүстік ендік және 159,66° шығыс бойлық координаталарында орналасқан.

 unsplash.com 4 Қазан 2026, 03:36
4 Қазан 2026, 03:36
144
Фото: unsplash.com

Камчатканың шығыс жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі жұма күні Астана уақытымен 21:34-те (Гринвич уақытымен 16:34) болған. Бұл туралы Германияның Геоғылымдарды зерттеу орталығы хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі 51,69° солтүстік ендік және 159,66° шығыс бойлық координаталарында орналасқан.

Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Бұған дейін Қырғызстанда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелген.

Наверх