Калифорниядағы атыс: 2 бала қаза тапқан

15 Қараша 2019, 09:36
3969
Бөлісу:
Калифорниядағы атыс: 2 бала қаза тапқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:30 шамасында Санта-Кларита полициясына "Сагас" мектебінде атыс болғандығы туралы хабарлама келіп түседі. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

16 жастағы мектеп оқушысы 5 адамды жаралап, кейін өзіне қол жұмсаған. Алған жарақатынан 16 жастағы қыз бен 14 жастағы бозбала қаза тапқан. Үш адам түрлі деңгейде жарақат алған. Күдікті ауруханада жатыр. "Сагас" мектебінде 2,4 мың оқушы білім алады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорния билігіне "Сагас" мектебінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көмек қолын ұсынған. Бұл туралы АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс Калифорниядаға Эймс атындағы зерттеу орталығына барған кезде айтқан.



Өзгелердің жаңалығы