Қала бюджеті 43 млрд теңгеге дейін оңтайландырылды – Көлгінов

9 Желтоқсан 2020, 12:51
1165
Бөлісу:
Қала бюджеті 43 млрд теңгеге дейін оңтайландырылды – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты. 

Пандемияға қатысты шағын және орта бизнесті қолдау бойынша мемлекет нақты шараларды қабылдады. Жергілікті бюджет болжамдар бойынша жыл басында жоспарланған түсімге ие болмауы мүмкін. Біз ШОБ-қа жасалған жеңілдіктер әсерінен жыл соңына дейін 47 млрд теңгеге дейін қаржыны жоспарлы түрде алмай қалуымыз мүмкін. Осыған қатысты нақты сандарды қаңтар айында айтамыз, - деді ол.  

Көлгінов айтқандай, осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасымен бюджет жыл бойынша 43 млрд теңгеге дейін оңтайландырылды. 

Ол пандемиямен күреске және дәрі-дәрмек сатып алуға бағытталды. Білім беру жүйесін дамытуға да көңіл бөлінді. Себебі қашықтан оқыту жүйесіне көшкен соң, аз қамтылған отбасылар компьютер сынды техникалармен қамтамасыз етілді,- деді ол. 

Қала әкімі пандемияға қарамастан елорданың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті оң көрсеткішке ие екенін айтты. 

Мемлекет қабылдаған шаралар аясында жыл соңында негізгі капиталға түскен инвестиция саны 1 трлн теңгені құрайды деп жоспарлап отырмыз. Жыл соңында жалпы ішкі өнімнің бағыты оң болып отыр. 11 айдың қорытындысы бойынша баспана құрылысы өткен жылмен салыстырғанда 57 пайызға көп орындалып отыр, - деді Көлгінов.


Өзгелердің жаңалығы