Әкім орынбасары «Жанұя» кешеніне барды

2 Қараша 2020, 22:18
1545
Бөлісу:
Әкім орынбасары «Жанұя» кешеніне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ҚР-ғы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, қоғам қайраткері Аружан Саин және қалалық Білім басқармасының басшысы Л. Жылқыбаевамен бірге жетім балаларға арнап мамандандырылған «Жанұя» кешеніне барды. 

Жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешенінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оқыту мен тәрбиелеу режимі бар балалар және мүмкіндігі шектеулі балалар оқиды.

Кешенді аралау барысында балалардың тұру жағдайын жақсарту, сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін оқу материалдарымен жабдықтау мәселелері талқыланды. Мекеме тәрбиеленушілерінің дұрыс тамақтануы мәселелеріне жеке назар аударылды.

Мекеме аумағында балалар мен қызметкерлердің жұқтыруын болдырмау мақсатында санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуы және барлық қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тексерілді.

Жиын қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров Білім басқармасы мен мамандандырылған мекеме басшылығына «Жанұя» кешенінде оқитын жетім және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы