Кабул әуежайында өрт шықты

24 Тамыз 2021, 08:43
3936
Бөлісу:
Кабул әуежайында өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірге нақты ненің отқа оранғаны белгісіз, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Зардап шеккендер жайлы да ақпар жоқ. Әлеуметтік желі қолданушылары жариялаған бейнежазбадан әуе айлағы аймағынан қою түтіннің көкке көтеріліп жатқанын байқауға болады. 

Айта кетейік, қазір Кабул әуежайы уақытша жабық тұр. Барлық азаматтық рейс тоқтатылған. Соған қарамастан елден кетуге асыққандар қатары өте көп.

Өзгелердің жаңалығы