Күйеу жігіт той үстінде болашақ әйелін қызғаныштан өлтіріп тастады

7 Қазан 2020, 00:47
1929
Бөлісу:
Күйеу жігіт той үстінде болашақ әйелін қызғаныштан өлтіріп тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Новосибир маңында 29 қыркүйекте той кезінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды КТК арнасы.

33 жастағы Степан және оның 35 жастағы қалындығы Оксананың тойының соңы қанды трагедияға айналды. Ішімдікке масайраған ер адам келіншегін қызғана бастаған.

 Степан қонақтардың бірінен Оксананы қызғанып, оны соққының астына алған. Ол қызды шашынан сүйреп, ұрып-соққан. Қыздың денесі мен басына қатты соққы тиген. Қонақтар жәбірлеушіге қарсы тұруға тырысқанымен, бірақ ашуланған жігіт оларға қарсы тойтарыс берді. Қатыгез күйеу жігіт әйелінің денесін жақын маңдағы жыраға лақтырады. Оксана алған жарақаттарынан қаза тапты. 

Күйеу жігіт қамауға алынды. Ол өзінің кінәсін мойындаған жоқ. Бұған дейін Степан қарақшылық және кісі өлтіргені үшін сотталған болатын. Оксана бұл туралы білген - олар бір жыл бұрын түрмеде сырттай танысқан. Қыз оның босатылуын асыға күткен. 

Ол оны шынымен жақсы көрді, босатылуын күтті. Ол түрмеден шілденің аяғы, тамыздың басында босатылды. Содан бері олар сөйлесіп жүрген. Бәрі жақсы болған еді, - дейді достарының бірі. 

Болашақ ерлі-зайыптының бірге түскен фотосуреттері бар. Достарының айтуынша, 2016 жылы Оксананың бірінші күйеуі өлтірілген. Қыздың әкесі жақында қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы