Кәсіпкерлерге арналған «Сәттілік марафоны» өтті

12 Қыркүйек 2019, 22:55
2126
Бөлісу:
Кәсіпкерлерге арналған «Сәттілік марафоны» өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласында Маңғыстау облысындағы кәсіпкерлерге арналған бірегей жоба – «Сәттілік марафоны» форумы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен «Шелл Қазақстан» компаниясы.

Жобаның мақсаты - кәсіпкерлердің басқару білімі мен дағдысын жетілдіру, жергілікті халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына ықпал ету, бизнесті жүргізудің бәсекелестік қабілетін, әлеуетін және тиімділігін арттыру. Одан бөлек, жоба стартаптарға арналған инкубациялық, акселерациялық бағдарламаларды жетілдіруді, кеңесшілер мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыру арқылы кеңес беру және тренинг өткізу қызметтері нарығын дамытуды қамтиды.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Тұранқызының айтуынша, осындай іс-шаралар арқылы аймақта кәсіпкерлікті дамыту - аймақтың экономикалық әлеуетінің өсуіне ықпал етеді және жергілікті бизнес-қауымдастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Шелл Қазақстан" әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Жұлдыз Ғалиакпар – Форумның негізгі міндеті – бұрыннан келе жатқан және жаңа бастаған кәсіпкерлердің өсуіне мүмкіндік беру, оларды кәсіпкерліктің озық дағдыларына үйрету екенін атап өтті.

Қазақстандағы ЕҚДБ ШОБ қаржыландыру және дамыту бағдарламасының жетекші менеджері Алма Қасымова өз кәсібін дамытуды қалайтын кәсіпкерлер Форум шеңберінде танысатын мүмкіндіктер туралы айтып берді. Мұндай қадам жиналған қауым тарапынан қолдау тапты. Олар көптеген сұрақ қойып, білікті мамандардан жауап алды.

Кәсіпкерлік саласындағы соңғы трендтер туралы «Red Point Kazakhstan» маркетингтік коммуникация сервисінің негізін қалаушы Әсел Қожақова, TopSales басшысы Әсем Күзенбаева, Қазақстан кәсіпкерлері мен бухгалтерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Казанцев пен басқа спикерлер сөз қозғады. Мысалы, стартапты қалай жылдам ақтауға болатыны туралы, сондай-ақ салыққа қатысты барлық мәселелерді және нөлдік бюджетпен маркетингтің қандай құралдарын қолдануға болатыны туралы ақпарат алды. «MIMIORIKI» балалар киімінің қазақстандағы тұңғыш брендінің негізін қалаушы Инна Апенко іс-шараның хэдлайнері болды.

Форум қорытындысы бойынша Марафонның 2-кезеңі – жаңа бизнес ашуды немесе қазіргі ісін дамытуды қалайтын кәсіпкерлерге арналған оқу тренингтерінің сериясы басталады. Аймақ үшін жобаның бірегейлігі – тәжірибелік тренингтер нәтижесінде кәсіпкерлердің бизнес-жоспар жасап, өз идеяларын сарапшылардың қолдауымен нақты бизнеске айналдыруы.

Жобаның екінші бөлімі – оқу тренингтеріне іріктеу 2019 жылғы 17 қыркүйекке дейін жалғасады, іріктеу нәтижесінде 60 өтінім таңдалып алынады (30 жаңа бастаған және 30 жұмыс үстіндегі кәсіпкер). Бұл қатысушылар кәсіпкерліктің төрт модульден тұратын 2 айлық тегін курсынан өтеді, курс модульдері:

1-модуль – Бизнес-идеялар генерациясы және өткізу нарығын іздеу;

2-модуль – Жаңа бизнестің қаржылық үлгісі;

3-модуль – Жоба мен команданы басқару, бизнесті дамыту стратегиясы;

4-модуль – Өз бизнесін таныстыру.

"Сәттілік марафонына" биыл екінші рет өтіп отыр. Бірінші Марафон 2018 жылы Орал қаласында сәтті өткен болатын. 
Өзгелердің жаңалығы