Кәсіпкерлерді жемқорлыққа қарсы агенттік қорғайды

15 Ақпан 2020, 07:36
1492
Бөлісу:
Кәсіпкерлерді жемқорлыққа қарсы агенттік қорғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында "PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS" жобасы аясында  кезекті сүйемелдеу келісім шартына қол қойылды.


Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті еліміздің кәсіпкерлері мен инвесторларын қолдау, жемқорлықтан қорғау шараларының бірі "PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS" жобасы аясында "Alima DELUXE" ЖШС-мен кезекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісім шартқа отырды.

"Alima DELUXE" ЖШС өз кәсібін машина құрылысы және робототехника саласында, Жамбыл облысы аумағында жүзеге асыратын болады.

Атап айтсақ, қазіргі таңда Департамент жергілікті және шетелдік инвесторлармен және кәсіпкерлермен, жалпы соммасы 350 млрд теңгеден астам 26 келісімге отырды.

Кәсіпкерлік пен инвестицияларды қорғау Департаменттің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Өзгелердің жаңалығы