Кәсіпкерлер салық көлемін нөлге теңестіре алады

30 Шілде 2020, 15:27
1076
Бөлісу:
Кәсіпкерлер салық көлемін нөлге теңестіре алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылға арналған салықтық есеп формасының (СЕФ910) жаңартылған түрі салық төлеушінің жеке кабинетінде орналастырылған. Онда "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 57-4 бабының нормаларын жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Үш жылға салық төлеуден босатылған кәсіпкерлер 910 салықтық есеп формасында (СЕФ910) өз кірістерін көрсетіп жазуы керек. Сондай-ақ есеп формасын толтыру кезінде автоматты түрде есептелген салық көлемін нөлге өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.  

Айта кету керек, егер салық төлеуші жоғарыда көрсетілген Заң талаптарына сай болса, ол салық төлеуде үш жылға босатылады, алайда салықтық есеп, кірістерді тіркеу, сәйкесінше БКМ қолдану, салықтарды есептеу және декларация толтыру міндеттемелерін әрі қарай орындауы тиіс. 

Осылайша, есептік кезең қорытындысы бойынша декларацияда алған кірістер бойынша (тікелей ақша немесе қолма-қол қаражатсыз, қандай тәсілмен алғанын көрсетуі қажет), жұмыскерлердің саны (жұмыскерлер болған жағдайда ғана толтырылады), олардың жалақысы туралы ақпаратты көрсетуі тиіс. 

Автоесептеу алгоритмі декларацияланған кірістің сомасы негізінде төленуі тиіс салықтың жалпы көлемін шығарып береді. 

Сонымен қатар, жаңа шаблонда бюджетке төленуі тиіс салық сомалары көрсеткіштерін нөлдік көрсеткішке түзету мүмкіндігі іске асырылды. Осылайша, салық төлеуші жоғарыда көрсетілегн Заң баптары талаптарына сай болатын болса, есептелген салық сомаларын нөлдік көрсеткішке түзете алады.

Өзгелердің жаңалығы