Көлгінов халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді

11 Қаңтар 2020, 14:08
2042
Бөлісу:
Көлгінов халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімінің халық алдында есеп беру кездесуі 12 ақпанда сағат 10:00-де "Астана" концерт залында өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара онлайн-режимде қала әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланатын болады. Осы әлеуметтік желі арқылы пайдаланушылар алдын ала әкімге сұрақтарды қоя алады. Қала тұрғындарының ыңғайлылығы және елордалықтарды барынша қамту үшін Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ғимараттарында есептік кездесудің онлайн трансляциясы көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, "Астана" концерт залының фойесінде сағат 8:30-дан бастап елорда әкімінің орынбасарларымен, қалалық басқармалар мен қызметтердің басшыларымен бірге халықты қабылдау және кеңес беру бойынша хатшылық жұмысы ұйымдастырылады.


Өзгелердің жаңалығы