Кәлетаев Премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды

1 Наурыз 2019, 10:18
1329
Бөлісу:
Кәлетаев Премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевпен келісілген түрде, ҚР Үкіметінің қаулысымен Дархан Аманұлы Кәлетаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы primeminister.kz мәлімдеді.

Дархан Аманұлы 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған. Мамандығы: тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқару менеджері. Саяси ғылымдар докторы.

Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің Тілдер комитетінің маманы ретінде бастаған. 

Білім және мәдениет; ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген. 

2002 жылдан бастап — ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, Әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісі, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2007–2008 жылдары — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, 

2008–2009 жылдары — «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, 

2009–2016 жылдары — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылдың қазан айында ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. 

2018 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі 

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы