Көкшетаулық кәсіпорын жаңа өндірістік желіні іске қосты

7 Қыркүйек 2020, 10:44
1527
Бөлісу:
Көкшетаулық кәсіпорын жаңа өндірістік желіні іске қосты
PHOTO
Фото: автордан

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы «Гормолзавод» кәсіпорны Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа өнім өндіретін үш цехты іске қосты. 

Елдегі карантиндік шараларға қарамастан зауыт қазақстандықтарды сүйікті өнімдерімен қуантып, қуаттылығын арттыруды жалғастыруда. Қазіргі уақытта үш цехтың екеуі, атап айтқанда қышқыл сүт және балмұздақ өндірісі іске қосылды.

Сүт өндірісімен айналысатын шаруашылықтарға көрсетілетін мемлекет қолдауының арқасында өндірісті ұлғайтуға қол жеткізудеміз. Сүт цехы күніне 50 тонна шикі сүттен 20 тонна дайын өнім шығарады. Балмұздақ цехында оралған балмұздақты-эскимо өндірісін іске қосу жоспарлануда. Сағатына 4 мыңнан 6 мыңға дейін дайын өнім өндіріледі. Үшінші цех шұжық ірімшігі, сулугуни, балқытылған ірімшік өндіреді. Тәуліктік қуаты 4 тоннаға дейін өнім шығаруға қабілетті, – дейді «Гормолзавод» сауда үйінің директоры Ерсайын Жақсылықов.

Жаңа цехтардың іске қосылуымен жаңа жұмыс орындары пайда болды, зауыт 50-ге жуық адамды тұрақты жұмысқа орналастырды.

_received_1820882117962826.jpeg

Пандемияға байланысты үшінші цехты іске қосу мерзімі төрт айға шегерілді. Алдын ала есептеулер бойынша ірімшік цехы жыл соңына дейін іске қосылады, – дейді сауда үйінің директоры.
Пандемия кезінде зауыт өнімдерін сатудан түскен кіріс өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға төмендеді. Бұған көше саудасының күрт тоқтауы басты себеп болған. Табысты жоғалту қаупін азайту үшін қосымша дистрибьюторларды табу туралы шешім қабылданды.

_IMG_3371.JPG

Ерсайын Жақсылықов жаңа цехтың ашылуына қарамастан, жақын арада өнім бағасына әсер етпейтінін атап өтті.

Шикізатқа келетін болсақ, біз сүт одағы қауымдастығымен тығыз байланыста жұмыс істейміз, шаруаларды мал азығын дайындауға үйретеміз. Бізде Украинадан шақырылған мамандар бар. Шикізатты сатып алу зауыттан 400 шақырым радиуста өтеді. Бізбен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлері жұмыс істейді. Жаз мезгілінде зауыт шамамен 120 тонна шикізат өңдейді, қыста бұл көрсеткіш 60 пайызға төмендейді. Зауыт қоспаларды пайдаланбай, тек табиғи өнімдермен ғана жұмыс істейді, – дейді ол.
Жобаның жалпы құны – 2 миллиард теңге. Қаражат цех жабдықтарына және газ-қазандық жабдығын іске қосуға бөлінеді.

_IMG_3369.JPG

Серіктестіктің дайын өнімді бөлшек сауда арқылы сату маркетингтік стратегиясы алыпсатарлардың бағаны өсіруіне жол бермейді. Жергілікті өнімді сатып алушылар қатары да артуда. Елордамен қатар, Қарағанды, Алматы қалаларынан тапсырыстар көбеюде. Атап айтқанда, сары май мен балмұздаққа сұраныс көп. Кәсіпорында жаңа қондырғылар орнатылып, мұздатқыштардың жаңартылуы өнімді сапалы күйінде сақтауға мүмкіндік береді. Қосымша құрал-жабдықтар да сатып алынуда, - дейді Ерсайын Жақсылықов.

Кәсіпорын жылына 1,5 млрд теңгенің өнімін өндіреді. Дайын өнімдер елімізбен қатар Ресейдің Омбы қаласына да жеткізіледі. 200-ден астам адам еңбек ететін кәсіпорында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өндірісті әртараптандыру қолға алынуда.



Өзгелердің жаңалығы