Көкшетау жолдарында жаңа фоторадарлар орнатылды

9 Қаңтар 2019, 18:38
1648
Бөлісу:
Көкшетау жолдарында жаңа фоторадарлар орнатылды

Астана, baq.kz. Ақмола облысында көлік жылдамдығын тіркейтін құрылғылар орнатылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Облыс автожолдарындағы жол-көлік апаттары көбінесе жүргізушілердің көлік құралдары жылдамдық режимін сақтамаудан болып жатады. Осыған орай өңірде 2019 жылдың басында полицейлерді жабдықтау мақсатында жаңа қозғалмалы «КРИС-П» фоторадар кешені пайда болды. Осылайша облыс жүргізушілерін көзге көрінбейтін фоторадармен бақылауға болады.

КРИС-П жаңа радарын құру мен жинау бірнеше минутты қажет етеді. Полиция қызметкерлері фоторадарды белгілі орынға өздері орналастырады. Әрі қарай құрылғы жылдамдықты тіркеп, нәтижесін тікелей әкімшілік полиция басқармасы процессингтік орталығына жібереді. КРИС-П фоторадарының орны күн сайын өзгеріп отырады.

Жыл сайын құрылғының жарамдылығы тексеріліп тұрады.

Өзгелердің жаңалығы