Jusan Bank IT-мамандарына жаңа мүмкіндіктер ашады

15 Тамыз 2022, 10:05
1066
Бөлісу:
Jusan Bank IT-мамандарына жаңа мүмкіндіктер ашады
PHOTO

Jusan Singularity білім беру жобасы аясында Нұр-Сұлтанда Japan Bank-тен оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар мен жұмысқа қабылдау туралы ұсынысты 43 IT-маман алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді олар Jusan цифрлық жүйесін дамыту және жетілдіру үшін банктің бас кеңсесінде жұмыс істейтін болады. Оқыту сұранысқа ие IT-мамандықтар бойынша жүргізілді: JAVA, iOS, Android, Frontend әзірлеушілері, DevOps инженерлері. Осыған дейін шілде айында Алматы қаласындағы IT мектептің 100-ден астам түлегі жұмысқа қабылданған болатын.

Біз кешегі күні студент болған, ал қазір IT-саласының мүшелерімен курстың  қалай өткендігі және бұл курстан олар не үйренгендері туралы, сонымен қатар неліктен олар  Jusan Singularity таңдағандығы туралы әңгімелескен едік.

Нариман 21 жаста, ол Қарағанды қаласының тумасы және осы жылы университетті Математикалық компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша тәмамдаған.

Jusan Bank IT-мамандарына жаңа мүмкіндіктер ашады

Jusan Singularity туралы Мен Instagram парақшасы арқылы білдім, жоба туралы курстастарым кеңес берген еді. Іріктеу кезеңі өте ауыр болды, көп оқуға, ізденуге тура келді. Бірақ тапсырмалар өте қызықты болып, мені алға қарай ынталандырып отырды. Университетте білім алу үнемі «жаттауды» талап етеді. Ал Жусанға келетін болсақ, мұнда  тәжірибе көп, ал ақпаратты өте түсінікті, ұғынықты етіп жеткізеді. Сабақты тәжірибелі сеньор-әзірлеушілер береді. Олар бізбен бөліскен барлық жағдай нақты тәжірибеге негізделген, - деді ол.

Енді Нариман фронталды жүйелерді басқару бөлімінде жұмыс істейтін болады. Оның айтуынша, Jusan Bank көптеген жаңа жоба мен инновация дайындап жатыр.

Қазір мен Ашар жүйесімен жұмыс істедім, ол банк үшін қазметкерлерді іріктеуді автоматтандыруға мүмкіндік береді, болашақта оны жақсартып, толықтырамын деп үміттенемін, - деп ойымен бөлісті ол.

Jusan Bank IT-мамандарына жаңа мүмкіндіктер ашады

Айым болса Нұр-Сұлтанға қаласына Алматыдан келген. Ол Jusan Singularity туралы университеттің мансап орталығынан білген екен.

Іріктеу кезінде маған аса қиын болған жоқ, бірақ кейінгі кезеңдер университеттегі емтихандармен сәйкес келіп қалды. Бірақ мен қайткен жағдайда да оқу тобына кіруді өзіме мақсат етіп қойған едім. Ең бастыты бұл жерде бізге білімді өз ісінің мамандары, бағдарлама әзірлеушілер берді,  бұл университеттік бағдарламадан түбегейлі ерекшеленеді. Мұнда сіз бірден бизнес-процестерге араласып кетесіз, өзіңізді студент емес, нақты бағдарламашы сияқты сезінесіз, - деді ол.

Айым оқу уақытында сандық банк жүйесі туралы көп нәрсе білгенін айтады.

Бізге білімімізді қайда және қалай қолдану керектігі туралы жіті түсіндірді. Енді мен DevOps-инженермін, бұл бағыт елімізде аса дами қоймаған, ал Jusan Bank барлық IT-саласын дамытуға мүдделі. Мен үшін Jusan банк өнімдеріндегі барлық процесті оңтайландыру үшін өз білімімді қолдану қызықты болады, - деді банктің жаңа қызметкері. 

Марленге курс жайында IT саласында жұмыс істейтеп жүрген достары айтқан. Олар осы салаға кірудің ең жақсы тәсілі ретінде Jusan Singularity курстарын ұсынған. 

Jusan Bank IT-мамандарына жаңа мүмкіндіктер ашады

Мен 22 жастамын, өзім Тараздан боламын. Біз оқып жүріп банкте жұмыс істейтін мамандармен тікелей сөйлесіп, олармен кеңесіп отырдық. Бұл бізге оқу кезеңінде өзіңді  ұжымның бір бөлігі ретінде  сезінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, олар банк саласы үшін ғана емес, жалпы IT нарығында да сұранысқа ие маман болуы үшін қандай дағдыларды шыңдау керектігі туралы ашық айтты. Жалпы өзіме финтех қалай жұмыс істейтіні  өте қызық, мұнда мен нақты мүмкіндіктер бар екендігіне көзім жетті - деді ол.

Марлен, Айым секілді DevOps инженері болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, бұл жаңа бағыт 2009 жылы пайда болған.

Біз дайын өнімдермен айналысып, оларға мониторинг жүргізетін боламыз. Біз бағдарламашылар мен жүйе әкімшісі арасындағы көпірміз. Мен студенттерге IT-саласына көбірек көңіл бөлсе деймін,  өйткені бұл – болашақ. Jusan сияқты компаниялар білімге инвестиция құюға және Цифрлық Қазақстанды дамытуға мүдделі, - деді ол өзінің болашақ жұмысы туралы.

Әлібек 32 жаста, ол жобаға қатысу үшін Семей қаласынан келген екен.. Оған курс туралы ұсынысты досы айтқан екен.

Jusan Bank IT-мамандарына жаңа мүмкіндіктер ашады

Досым менің қызығушылығым туралы білетін, сондықтан Jusan туралы кеңесімен бөлісті.  Іріктеу кезеңі аса қиын болған жоқ, өйткені мен негіздерді бұрыннан білетінмін, бірақ бағдарламаның өзі қиын болды . Қиын дегенімнің өзіндік тиімді тұстары бар, бұл жерде көптеген жаңа және қызықты тақырыптар болды. Мұғалімдер бізге олардың міндеті болғандықтан емес, бізді шынымен үйренсін, білім алсын деген ниетпен үйретті. Мұндай қатынас көмектеседі және бізді ары қарай ынталандыра түседі. Курстар  біз жаңа білім мен тақырыптарды тез меңгеріп, іліп әкететіндей етіп құрылған. Мені тәуекелдер департаментіне жіберді,ол жерде мен  есеп беруді автоматтандырумен айналысамын - деді ол.

Jusan Singularity Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүзеге асырылып жатыр. IT-индустрияның болашақ мамандары үшін тегін курстарға қабылдау 2022 жылдың басында басталды. Банкте курсқа қатысуға өтініш білдірушілер көп болғанын айтады. Әр қалада 3000 адамнан болған екен. Іріктеуден сүрінбей өткен үздіктер ғана оқуға қабылданып, білімін шыңдады. 

 

Өзгелердің жаңалығы