«Junior Eurovision 2022» байқауында қазақстандық өнерпаздар бақ сынайды

5 Қазан 2022, 15:41
1293
Бөлісу:
«Junior Eurovision 2022» байқауында қазақстандық өнерпаздар бақ сынайды

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары  Данияр Меңілбеков «Junior Eurovision 2022» байқауына дайындық барысы қалай екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылды Мемлекет басшысы «Балалар жылы» деп жариялағанын білесіздер. Бұл іс-шара өскелең ұрпаққа өнерді дәріптеп, шығармашылығы мен өнеріне қолдау білдіру. Осыған қарап «Балалар жылының» мақсаты мен міндеттерімен үндесетінін көреміз. Биыл өнер додасына 16 елдің жас өнерпазы қатысқалы отыр. Олар Албания, Армения, Франция, Грузия, Ирландия, Италия, Мальта, Нидерланды, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Сербия, Испания, Ұлыбритания және Қазақстанның жас дарынды өнерпаздары бақ сынамақ. Отандастырмыз жүз миллиондап қаралатын өнер алаңында өз өнерін паш етеді. Бақ сынасып, мықтыны анықтайды, - деді спикер.

Оның айтуынша, «Junior Eurovision 2022»  байқауы осы жылы Армения астанасы Ереванда желтоқсан айында өтеді.

Сайыстың гранд-финалы 11 желтоқсанға жоспарланып отыр. Хабар агенттігі 11 желтоқсан күні сағат 21:00 де тікелей эфирде байқауды көрермен назарына ұсынады, - деді Данияр Меңілбеков . 

Өзгелердің жаңалығы