Jastar Skills. Алматыда ерекше байқау басталды

1 Қараша 2020, 15:58
1831
Бөлісу:
Jastar Skills. Алматыда ерекше байқау басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бойынша Jastar Skills шағын чемпионатының басталғанын жариялады.


Алматы қаласы Қоғамдық даму және Білім басқармаларының қолдауымен іске асырылатын Jastar Skills 2020 жобасы жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған. Биыл шағын чемпионат 5 мамандық бойынша өткізіледі, - дейді ұйымдастырушылар.

  • Токарлық іс;
  • Дәнекерлеу ісі;
  • Аспаз ісі;
  • Күрделі бояу шебері;
  • Киім дизайны және модельдеу.
Jastar Skills. Алматыда ерекше байқау басталды

30 қазанда 2 мамандық – токарлық және дәнекерлеу ісі бойынша шағын чемпионат өтті. 

Jastar Skills. Алматыда ерекше байқау басталды

1 кезең онлайн режимінде өтті. Оның қорытындысы бойынша Алматы автомеханикалық колледжінде өткен 2 турдың қатысушылары анықталды, - дейді сайысты ұйымдастырғандар.

Jastar Skills. Алматыда ерекше байқау басталды

Токарлық іс мамандығының жеңімпаздары: 1-орын – Даниил Денисенко, 2-орын – Нұрсұлтан Идирисов, 3-орын – Олжас Сұлтанмұратов.

Jastar Skills. Алматыда ерекше байқау басталды

Дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша: 1-орынды Владислав Кевлич, 2-орынды Қуаныш Юлчибаев, 3-орынды Қуаныш Депутат иеленді.

Jastar Skills. Алматыда ерекше байқау басталдыЖеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Іс-шара карантиндік шаралар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы