Алматыда Jastar Sammiti – 2019 өтті

24 Қараша 2019, 12:07
2599
Бөлісу:
Алматыда Jastar Sammiti – 2019 өтті
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда "Жастар үні" жастар қоғамдық бірлестігінің және қалалық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Жастар жылы аясында Jastar Sammiti – 2019 шарасы өтті. 

Саммиттің мақсаты – көшбасшы жастардың қоғамдағы танымалдылығын арттыру және өзге жастарға мақсат жолындағы айқын әрекеттерге шақыру әрі ынталандыру.

Jastar Sammiti – 2019 алты тақырыптық локацияда жас көшбасшылардың басын қосты. Атап айтсақ "Bilimdi urpaq", "Ashyq jurek", "Jas otbasy", "Jas kasipkerligi", "Tsifrly jastar", "Jas jalyn" сынды тақырыптық локация қамтылған. 

Ашық алаң барысында өз саласында жоғары жетістікке жеткен мамандар жастармен кездесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жастардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Спикерлердің қатарында "Болашақ" түлектері ассоциясы Алматы қаласы бойынша директоры Қымбат Абдикеримова, "Болашақ" бағдарламасының түлегі, жас химик-ғалым Диас тастанбеков, Алматы қалалық Мәслихат директоры Ерболат Қасымов, "Keremet catering" негізін қалаушы Әділет Бағдат, Алматы технологиялық университетінің Жастар саясаты бөлімінің басшысы Ержан Әбдешов және тағы басқалары бар.

Бұл шараның мақсаты қаладағы белсенді жастарға дем беріп, оларды алға ынталандыру. Өз ісін жақсы білетін нағыз мамандардың кеңестерін тыңдап, талаптанса екен дейміз. Сонымен қатар, Мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер болды, оларға студенттер өздерінің жобаларын таныстырып, ақыл, кеңестерін алды. Алдағы уақытта солар қолдау тапса деген ойымыз бар. Жастардың инновациялық және түрлі жобалары бар, олар оны қайда апарып таныстырарын білмейді. Сондықтан осындай алаңда мықты мамандарға көрсетіп, бағыт-бағдар алып жатыр, - дейді "Жастар үні" жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Ақнұр Тәуекел.

Сонымен қатар, ол әр студент өзіне ұнаған бөлімге қатысып, сол тақырыпта кеңес ала алатынын айтты. 

Бұл шараға университет пен колледждерден бөлек қала тұрғындары, 14-29 жас аралығындағы барлық жастар қатысып жатыр, - деді ол.


IMG_20191123_114716.jpg

Алты локация бойынша өткен саммит барысында жастар арасында 6 планшет, 6 смарт-сағат және 6 фитнес-браслет ойнатылды. Ұтыстың шарты бойынша жастар жақсы сұрақтар қойып, әлеуметтік желіде осы саммит бойынша креативті пост жариялауы керек.

Еске салсақ, Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы бағытта жастарды қолдауға арналған түрлі шара әлі де жалғасын тауып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы