Израильден қанша азамат елге келе жатыр

10 Қазан 2023, 17:21
1144
Бөлісу:
Израильден қанша азамат елге келе жатыр
Фото: СІМ

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 қазанда, яғни бүгін Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Израильдің Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде 124 ел азаматы және 42 шетелдік азамат, - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтіліп отыр. 

Сонымен бірге "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен 14 қазақстандық азамат шұғыл эвакуацияланды. Ұлттық мереке кезеңінде Дубайға ұшқан тағы 2 студент Қазақстанға жақын репатриациялық рейспен қайтарылады.

Естеріңізге сала кетейік, Израильде "Болашақ" бағдарламасы аясында Rabin Medical Center, Sheba Medical Center және т. б. ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтетін 16 стипендиат болған.

Еске салсақ, кеше Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі қазақстандықтар үшін арнайы ұшақ жіберілетінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы