Израильде сот жүйесін реформалауға қарсы акция жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Наразылық білдірушілер бұл жолы ел астанасы Тель-Авивтің негізгі көшелеріндегі көлік қозғалысына кедергі келтірді.
Жоғарғы Сот жүйесіне қатысты реформаға қарсылық білдірген халық 7 қаңтардан бері әр сенбі, жексенбіде шеруге шығуды әдетке айналдырды.
- Биліктің мақсаты - Израиль демократиясын жою. Диктатура орнату үшін биліктің әр түрлі тармақтары арасындағы тепе-теңдікті бұзу! Біз бұған жол бермейміз!
- Израиль халқы диктатураның жақтаушысы емес! Демократия мен бостандық рухына сәйкес келмейтін ережелерге немесе заңдарға жол жоқ!