Израиль Ливанның оңтүстігінде 100-ден астам снаряд жарды

2 Қыркүйек 2019, 06:38
1234
Бөлісу:
Израиль Ливанның оңтүстігінде 100-ден астам снаряд жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл «Хезболла» тобы лаңкестерінің оқ жаудыруына қарсы жауап ретінде ұйымдастырылған шабуыл болды, деп хабарлайды 24.kz.

Жуырда Ливан аумағынан Израильдің шекаралық әскери базасы мен әскери техникаларға бірнеше танкіге қарсы зымыран ұшырылған еді. Жалпы «Хезболла» ұйымы лаңкестермен күресуде Сирияның үкіметтік әскеріне көмектесіп келеді. Ол АҚШ, Израиль және Еуроодақ аумағында тыйым салынған.

Айта кетсек, өткен жылдың қыркүйегінде Израиль әскерилері Бейруттің бірнеше ауданын әуеден суретке түсіріп, кейін шииттік топ зымырандық инфрақұрылым дайындап жатыр деген еді. Израиль билігінің дерегінше, бұл жобалар Иранның қаржыландыруымен жүзеге асып жатыр.

 Алайда, «Хезболла» өкілдерінің айтуынша, Израиль айыпты желеу етіп, Ливанға шабуылдағысы келеді.



Өзгелердің жаңалығы