Израильде жасөспірімдер екпе қабылдап жатыр

7 Маусым 2021, 08:35
2011
Бөлісу:
Израильде жасөспірімдер екпе қабылдап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильде жасы 12-ден асқан балаларға екпе салу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұған дейін мұнда 16-ға толған жеткіншектер вакцина қабылдаған. Жалпы Израиль – әлемде вакциналау науқаны бойынша жақсы нәтиже көрсетіп отырған елдердің бірі. Мұнда екпенің қажетті екі дозасын халықтың жартысынан астамы, дәлірек айтсақ, 55%-ы алып қойған. Сондықтан елде шектеу шаралары алынып, вирус жұқтыру деректері айтарлықтай азайған. 

Қытайда да жасы 3-тен асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе қабылдауға рұқсат берілді. Негізі көрші мемлекет салынған вакцина саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Мұндағы көрсеткіш 800 миллионға таяп қалды. Билік жыл соңына дейін халықтың 80%-ын екпемен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы