Израиль дәрігерлері қауіпті дерт туралы дабыл қақты

13 Шілде 2023, 15:39
952
Бөлісу:
Израиль дәрігерлері қауіпті дерт туралы дабыл қақты

Ағзада энергия мен зат алмасудың дұрыс жүрмеуінен денсаулық сыр береді. Мұны медицина тілінде метаболизмдік синдром деп атайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Келешекте бұл қауіпті дертке айналуы мүмкін. Мамандар індеттен арылудың жолы барын айтады. Әдетте науқас өз бойында обырдың барын білгенде айықпас дертке шалдықтым деп ойлайды. Бірақ қазіргі медицина онкологиялық аурулармен күресте едәуір жетістікке жеткен. Қатерлі ісіктің көп түрін емдей алады. 

Ал израильдік мамандарды бұдан көрі әлемде миллиондаған жанға қауіп төндіріп тұрған метаболизмдік синдром мәселесі алаңдатады. 

Бұл кесапат адам ағзасында липидтердің, яғни майға ұқсас органикалық заттардың алмасуының бүлінуіне әкеледі. Салдарынан инсульт, инфаркт, қант диабеті сынды аурулар пайда болады. Келешекте бұл қауіпті дерттердің көбеюіне әкелетін басты себептердің біріне айналуы да мүмкін, - дейді медициналық орталықтың директоры  Юрий Ранков.

Метаболизмдік синдром туғызатын басты жайт - салауатты өмір салтын ұстанбау. Кеңсе жұмысы, дұрыс тамақтанбау, семіздік, ішімдікке салыну, темекі шегу. 

Ағзада қауіпті процесті өршітетін негізгі факторлар осылар. Бірақ мұның бәрі баяу жүретін үдеріс болғандықтан адамдар аса мән бермейді. 

Өзгелердің жаңалығы