“Іздестіру” операциясы: Іздеуде жүрген 353 қылмыскер ұсталды

24 Наурыз 2022, 15:01
2018
Бөлісу:
“Іздестіру” операциясы: Іздеуде жүрген 353 қылмыскер ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлесіп “Іздестіру” операциясын өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Операция барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін іздеудегі қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы операцияларды өткізді.

Мәселен, Қостанай облысының Лисаковск қаласында бастамашының іздестіру тапсырмасы бойынша Талдықорған қаласында бұрынғы жұбайын өлтіруге оқталғаны үшін осы жылғы қаңтардан бастап Алматы облысының ПД іздестіруіндегі Талдықорған қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды.Ақтөбе облысының Алға қаласында 2021 жылғы қыркүйекте мейрамханада пышақ жарақаттарын келтіріп, облыс орталығының екі тұрғынын өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген Ақтөбе облысының 52 жастағы тұрғыны ұсталды. 

Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында Қызылорда облысының ПД жедел тобы 2021 жылғы маусымда Қызылорда қаласында туындаған жанжалдың барысында пышақ жарақаттарын салып, 25 жастағы жігітті өлтіруге оқталғаны үшін іздеудегі 43 жастағы қызылордалықты ұстады. 

Алматы қаласында Жамбыл облысының ПД жедел тобы 37 жастағы ер адамды ұстаған, ол 2021 жылғы мамырда Жамбыл облысы Мерке ауылында 13 жастағы тұрғынды зорлаған.

Шымкентте Ташкент қаласында жұбайын өлтіргені үшін 2003 жылғы сәуірден бастап іздеуде жүрген 59 жастағы Өзбекстан азаматшасы ұсталды.

Нұр-Сұлтан қаласында жәбірленушілерге тиесілі Audi-80 көлігін иемденіп алу мақсатында екі адамды өлтіргені үшін 1997 жылғы қыркүйектен бастап Ростов облысының ІІБ іздестіруіндегі РФ 52 жастағы азаматы ұсталды.

Ақтау қаласында “Мухамед” азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 2008 жылғы қыркүйектен бастап Түрікменстан Республикасы Ашхабад қаласының ІІББ іздестіруіндегі 55 жастағы қала тұрғыны ұсталды. 

Осымен бірге, операция барысында ТМД елдерінің аумағында ішкі істер органдарының қызметкерлері мемлекетіміздің құқық қорғау органдарының іздестіруіндегі адамдарды ұстаған. 

Мәселен, РФ Хабаровск аймағында қылмыстық іздестіру қызметкерлері мәйіті атыс бытыраңқы жарақаттарымен Теміртау қаласының шетінде табылған қала тұрғының ұрлау және оны өлтіру сыбайласы ретінде 2015 жылғы тамыздан бастап іздестірудегі Теміртау қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстаған. 

Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында Сарығаш қаласының кәсіпкерінен 25 млн теңгені бопсалағаны үшін ағымдағы жылғы аурыздан бастап іздеудегі Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. 

Тәжікстан Республикасының Соғды облысында 2019 жылғы қазанда Шымкент қаласында “Сүндет” дәмханасында атыс қаруын қолдана отырып, кісі өлтіргені үшін Шымкент қаласының ПД іздестіруіндегі Қазақстан Республикасының 27 және 30 жастағы азаматтары ұсталды.

Самар облысының Тоьятти қаласында Павлодар облысының ПД іздестіру тобы 2020 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының аумағында “Қазпошта” АҚ-ның ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізу арқылы адамдар тобында қайталама транзакцияларды құра отырып, 294 млн теңге жымқырған 39 жастағы ер адамды ұстаған. 

Қабылданған шаралардың арқасында операцияның 10 күнінің қорытындысы бойынша іздестірудегі 353 қылмыскер анықталып, ұсталған, оның ішінде кісі өлтірген үшін – 11, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 17, қарақшылық шабуылдар жасағаны үшін – 5, тонаулар – 8 және қорқытып алу жасағаны үшін – 1 адам анықталып, ұсталды, оның ішінде: 

– республикадан тыс – 39 (Ресейде – 23, Өзбекстанда – 8, Қырғызстанда – 4, Тәжікстанда, Польшада, Монғолияда және Латвияда 1-ден); 

– Достастық елдері үшін – 152 (Ресей  – 101, Өзбексстан – 24, Қырғызстан – 19, Түрікменстан – 4, Белорусь – 3 және Тәжікстан үшін – 1), Грузия мен Оңтүстік  Корея үшін 1-ден. 

Сонымен қатар, 122 хабар-ошарсыз жоғалғанның тұрған жері анықталды, оның ішінде 4-еуі ТМД елдерінің іздестіруіндегі (РФ – 3 және Өзбекстан – 1), 3 танылмаған мәйіттің жеке басы сәйкестендірілді.

Өзгелердің жаңалығы