Із-түссіз жоғалды деп саналған әйел бір жылдан кейін өзі полицияға берілді

24 Маусым 2025, 21:28
1742
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

АҚШ-тың Арканзас штатында бір жыл бойы із-түссіз жоғалды деп есептелген әйел жанармай құю бекетінен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі People басылымына сілтеме жасап.

35 жастағы Тори Милсакты соңғы рет 2024 жылдың 6 маусымында Арканзас штатының Хот-Спрингс қаласында көрген. Бірнеше апта бойы отбасы онымен байланыса алмаған соң, полицияға жүгінген. Полицейлер әйелдің психологиялық қиындықтарға байланысты үйден өз еркімен кетуі мүмкін екенін болжаған.

Із-түссіз жоғалды деп саналған әйел бір жылдан кейін өзі полицияға берілді
Фото: Хот-Спрингс қаласының Полиция департаменті

2025 жылдың 19 маусымында Милсак Хот-Спрингс қаласынан 88 шақырым жердегі Литл-Рок қаласындағы жанармай бекетіне келген. Ол қызметкерлерге өзіне іздеу жарияланғанын айтып, полицияға хабарласуды өтінген. Әйел өз еркімен құқық қорғау органдарына беріліп, расымен де өзі қашып кеткенін растаған.

Полицейлер Милсактың тұлғасын анықтап, оны қамауға алды. Қазір оның жоғалу себептері тергеліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы