ИВЛ аппараттарын Өзбекстанға заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

27 Шілде 2020, 20:10
1644
Бөлісу:
ИВЛ аппараттарын Өзбекстанға заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында орналасқан "Атамекен" кеден бекететінен өтпек болған заңсыз тауарлар ұсталды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан 5 ИВЛ аппараттарын шекарадан алып өтпек болған. Олар медициналық жабдықты үш жүк көліктерімен әкелген. 
Мақтаарал аудандық прокуратурасының қызметкерлері, "Атамекен" кеден бекетінің және Жетісай ВЧ-2037 ОКП шекараның қызметкерлерімен бірлесе жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде заңсыз тауардың жолы кесілді. Сонымен қатар, "Б.Қонысбаев" кеден бекетінде кеденшілер ҚР ҰҚК шекара қызметкерлерімен бірлесіп, салмағы 1 грамм гашишке ұқсас зат салынған сөмкесі бар Қазақстан азаматын ұстады. Ол кісі Өзбекстаннан келе жатқан болатын, – делінген хабарламада.
Бұл фактілер бойынша барлық материалдар тергеу іс-шараларын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына өткізілді.
Өзгелердің жаңалығы