Иван Дычко кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісіне қол жеткізді

13 Шілде 2019, 10:47
1127
Бөлісу:
Иван Дычко кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісіне қол жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Иван Дычко (8-0, 8 КО) кәсіпқой рингте өзінің 9-ші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Холливудта (АҚШ, Флордиа штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешенінде өнер көрсетті. Ауыр салмақта 8 раундтқа есептелген жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Нэйт Хэвен (9-2, 7 КО) болды. Дычко қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.

Осылайша, Иван кәсіпқой бокстағы өзінің 9-шы жеңісіне қол жеткізді және 9 кездесуді де нокаутпен аяқтады. Ал, Хэвен үшінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, алдында Дычко тәжірибелі бразилиялық боксшы Рафаэль Зумбаномен (39-16-1, 31 КО) шығуы керек болатын. Алайда бұл кездесу болмай қалды.

Өзгелердің жаңалығы