IV тоқсан. Қандай пәндер қашықтан оқытылады?

26 Наурыз 2021, 15:07
7844
Бөлісу:
IV тоқсан. Қандай пәндер қашықтан оқытылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ алаңында өткен брифингте IV тоқсанда қай пәндерді қашықтан оқытуға болатынын айтты.

Асханалардың, мектеп-интернаттарының жұмысы әдеттегідей жалғастырылып, жергілікті санитарлық дәрігерлердің қадағалауымен іске асырылады.

Ата-аналарға айта кететін тағы бір жағдай, IV тоқсанда мектепке баратын оқушыларға мектеп формаларын сатып алудың қажеті жоқ. Осыны тағы да ескерткіміз келеді. Оқушылар өздеріне қолайлы, ұқыпты және таза киіммен мектепке келуіне рұқсат етілген, - деді вице-министр.

Сондай-ақ мектептердің өз жағдайларына, сыйымдылығына, жобалық қуаттылығына байланысты кезеңдерді және оқу пәндерінің қай уақытта оқытылатынын, қай пәндердің қашықтан оқытуға ауыстырылатынын әр мектеп жасалынған жағдайларына байланысты іске асырады.

Оның сөзінше, министрлік әдістемелік ұстанымдарында қай пәндерді қашықтан оқыту форматына ауыстыруға болатыны жөнінде ұстаным жолдады.

Бұл – музыка, көркем еңбек, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, информатика пәндері. Осы пәндерді қашықтан оқытуға болатыны көрсетілді, бірақ әр мектеп өз жағдайына байланысты тиісті шешімді қабылдайды, - деп айтты БҒМ өкілі Каринова.

Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің штаттық форматта таза ауада жүргізілуіне рұқсат етілген.

Тәуекелі жоғары аймақта орналасқан өңірлерде оқыту форматы 1-5, халықаралық мектептерде 1-7-сыныптар, 9, 11 (12)-сыныптар - аралас форматта, 6, 7, 8, 10-сыныптар үшін қашықтық форматындағы жұмыс режимі сақталады.

Бұған дейін вице-министр оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқитынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы