Итін аяусыз ұрып-соққан қостанайлық 2 айыппұл төлейтін болды

5 Қыркүйек 2023, 18:10
731
Бөлісу:
Итін аяусыз ұрып-соққан қостанайлық 2 айыппұл төлейтін болды
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Аталған жайт тұрғын үй кешеніндегі лифт камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, үй жануарына зорлық-зомбылық көрсеткен адам анықталды.

Қостанай полициясы жүргізілген тексеру нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 407-1-бабы 1-бөлігі, 407-2-бабы 1-бабы бойынша екі әкімшілік хаттама жасалған ит иесі ер адамның анықталғанын атап өтті. Бірінші баптың санкциясында 5 АЕК, екіншісінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ ит иесімен жануарларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтау үшін профилактикалық әңгіме жүргізілді, - делінген полиция хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы