Италияның экс-премьері қайтыс болды

12 Маусым 2023, 15:27
583
Бөлісу:
Италияның экс-премьері қайтыс болды
Фото: mk.ru/АЛЕКСАНДР АСТАФЬЕВ

Италияның бұрынғы премьер-министрі, сенатор Сильвио Берлускони 87 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Corriere della Sera газетінде хабарланды.

Италияның бұрынғы премьер-министрі, сенатор Сильвио Берлускони жұма күні Миланның San Raffaele клиникасына жатқызылған еді. Сенатор 87 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Еске салсақ, сәуірдің басында Берлускониде лейкемия анықталды. Лейкемия салдарынан өкпе инфекциясын жұқтырып, 45 күн миландық клиникада жатты. 

2021 жылы сенатор жүрек ауруына шалдығып, ауруханадан бірақ шықты. Кейіннен коронавируспен де ауырды.

Берлускони 1936 жылы 29 қыркүйекте Италияның Милан қаласында дүниеге келген. Милан университетінің заң факультетін аяқтады.

Саяси мансабы барысында төрт рет Италияның үкіметін басқарды (1994-1995, 2001-2005, 2005-2006, 2008-2011). 

Берлускони үлкен саясатқа 57 жасында араласты. Ол 1994 жылы «Алға, Италия!» партиясын құрып, екі айдан кейін федералды парламент сайлауында жеңіске жетті. 

Оның бизнестегі жолы бөлек бір әңгіме. Миллиардер атанған Берлускони Forbes журналындағы әлемнің ең бай азаматтарының ішінде 25-орынға тұрақтады (2005 жылы 12 млрд АҚШ доллары ).

Өзгелердің жаңалығы